Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Футболдан Қазақстан құрамасының экс-футболшысы жол апатына ұшырады

Футболдан Қазақстан құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Вячеслав Эрбес жол апатына ұшырады.

photo_97178

Бұл туралы vesti.kz хабарлайды.

Жол апаты Шығыс Қазақстан облысы аумағында болған. Эрбес жеңіл көліктің ішінде жолаушылар отыратын орында болған. Бүгін 17 шілдеде оған облыс орталығындағы ауруханада омыртқасына операция жасалады. Әзірге оның тура бұрынғы қалпына келе алатындығы белгісіз. Анықталмаған ақпарат бойынша, футболшы мүгедек болып қалуы мүмкін.

29 жастағы Эрбес футболдағы мансабын 2016 жылы аяқтап, Өскеменде балалар бапкері болып еңбек ете бастаған еді. Ол алғаш рет 2006 жылы “Восток” қатарында өнер көрсетті. Одан кейін “Локомотив”, “Шахтер”, “Ақжайық”, “Мақтаарал” клубтарында да ойнады.

2009-2010 жылдары ұлттық құраманы неміс маманы Бернд Шторк баптап тұрған тұста, еліміздің бас командасы сапында да доп тепті. Ол ұлттық құрама жейдесімен жеті матчқа қатысқан.

Оқи отырыңыз:

АҚШ-та қазақстандық боксшы қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді

Головкин мен Альварестің кездесуін кинотеатрлардан көрсетуі мүмкін

“Аякстың” 20 жастағы футболшысы енді ешқашан сөйлеп, жүріп, адам тани алмай қалуы мүмкін (видео)

Қазақстан құрамасы жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында 4 алтын еншіледі

Талқылау