Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Футболдан Қазақстан құрамасы өздерінің бір мүшесін Ереванда ұмытып кеткен

Футболдан Қазақстан құрамасы Армениямен болған матчтан кейін бір емес, екі бірдей келеңсіз жәйтті бастан кешті.

58d5491ad98d6

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

Олар әуежайға өздерінің баспасөз-атташесі Ербол Қайыровсыз кеткен. Қазақстан құрамасының Армениядағы сәтсіздіктері әлем чемпионатының 2018 жылға арналған іріктеу турниріндегі жеңілісінен кейін де жалғасын тапты. Бірінші оқиға қазақстандық футболшылар мінген ұшақпен болды. Ол түнде еревандық “Звартноц” әуежайына оралып шұғыл қонды.

Команда өкілдеріне қайта ұшуды бір сағаттан көп уақыт күтулеріне тура келді. Олар қонақ үйге орналастырылған. Екінші оқиға, Sputnik Армения тілшілері түндегі жағдайдың мән-жайын анықтау үшін келген кезде қонақ үйде болды. Ол кезде команданың басым бөлігі ғимараттың кіре берісінде, ал Қайыров фойеде болған.

Қайыров оқиғаның қалай болғанын айтып беріп жатқанда, қонақ үй менеджері таңдана қарап: “Сіз әлі осындасыз ба?! Автобус жаңа ғана жүріп кетті” деді. Журналистер мен баспасөз-атташе қонақ үйден шыққан кезде автобус кетіп қалған. Қайыровқа әуе айлағына өз бетімен баруға тура келді.

Оқи отырыңыздар:

Шахмат ханшайымы Динара Сәдуақасова әлемнің ең мықты ТОП-30 әйелдері қатарына енді

Жансая Әбдімәлік Евразияның ең әдемі шахматшысы деп танылды

17 жастағы боксшы турнирдегі жекпе-жектен кейін қайтыс болды

Промоутер Головкин-Альварес жекпе-жегі қайда өтетіні туралы айтты

Талқылау