Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Футболдан Қазақстан құрамасы 17:0 есебімен ұтылды

17 жасқа дейінгі футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы сырт алаңда Франция құрамасына өткен матчта ірі есеппен жеңіліске ұшырады.

гол

Бұл туралы vesti.kz хабарлайды.

Матч ЕВРО-2017 іріктеу кезеңі аясында өткізілген болатын. Бірінші таймның өзінде Қазақстан құрамасының қақпасына 13 гол соғылды. Алаң иелері екінші кезеңде тағы төрт голдың қуанышын тойлады.

Ойында Мельвен Маляр алты гол соқса, Лорен Мартен покер, ал Сельма Баша дубль жасады. Бұған дейін Қазақстан ерлер құрамасы да Черногорияға қарсы ойнап, 5:0 есебімен ұтылған еді. Бүгін Қазақстан құрамасы “Астана-Аренада” Румыния құрамасына қарсы ойнайды.

Оқи отырыңыз:

Хоккей ойнаған әйелдер жаппай төбелесті (видео)

Италиялық футболшы футбол тарихындағы алғашқы жасыл қағазды алды

Екі дүркін олимпиада чемпионы педофил деп айыпталды

Қазақстан құрамасы Черногориядан ойсырай ұтылды (фото, видео)

 

Талқылау