Футболдан Франция құрамасының жеңісін тура тапқан алматылық әйел 135 есе көп ақша ұтты

Алматы тұрғынының тіккен мың теңгесі 135 мың теңгеге еселенді.

Ол Хорватия мен Фанция ойынына тура болжам жасаған, деп жазады Sputnik.

Әлем чемпионатының нәтижесі ойын соңы секілді күтпеген жеңіспен аяқталды. Франция құрамасы сарапшылардың болжамына сай емес басқаша ойнады.

Ресей тұрғыны Елена Рогожина Бішкектен Алматыға көшіп келген. Тұрмыстық техника мен электронды құрылғылар сату компаниясына жұмысқа орналасқан.

Ол бұрын спортқа қызықпапты. Әріптесінің 2 жарым мың теңге тігіп, 300 мың ұтқанын көреді. Өзі де болжам жасап көреді.

«Букмекерлік кеңсеге келдім де, болжамдарға қарадым. Франция 6:0 есебімен жеңетін жағдайда, 500 мың ұтуға болады екен. 3:1 болған жағдайда 23 мың теңге тиеді. Сондықтан 4:2 деген болжамды таңдадым. Бұл ең дұрыс нұсқа секілді көінді. Осылайша Франция маған 135 мың теңге табыс әкелді», – дейді ол.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
24.10.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар