Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Футболдан Европа чемпионатының қола жүлдегері Қазақстанда тұрғысы  келеді

2008 жылы Европа чемпионатында Ресей құрамасының атынан қола жүлдегері атанған Ресей құрамасының бұрынғы қорғаушысы Денис Колодин жаңа құрылған «Алтай» футбол командасының ойыншысы болмақ.

4d4e374fba53510ff58574c901f9687d

Бұл команда өткен жылдың желтоқсан айында Өскеменнің «Шығыс», Семейдің «Спартак» командаларының бірігуімен құрылды.

«Алтай» командасының басшысы болып бұрынғы отандық жаттықтырушы Сергей Тимофеев тағайындалды. Ол он жылдай уақыт бойы Ресейде қызмет еткен болатын.

Ал, команданың жаңа мүшесі 34 жастағы қорғаушы Денис Колодин бұрындары “Олимпия”, “Уралан”, “Крылья Советов”, Мәскеудің “Динамо”, “Ростов”, “Волга” және “Сокол” командалары үшін ойнаған. 2008 жылы Европа чемпионатында Ресей құрамасының атынан қола жүлдегері атанған.

Колодин «Алтаймен» бір жылдық келісім шарт жасайды деп жоспарланып отыр.

Өткен маусымда Көкшетаудың «Оқжетпес» командасы атынан  2008 жылғы Европа чемпионатының қола жүлдегері Дмитрий Сычев ойнаған еді. Атақты шабуылдаушы қазір Қазақстаннан кетіп, Ресейге оралған.

Талқылау