Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Футболдан әлем чемпионы атанған қазақстандық әртістер елге оралды (фото)

Әртістерден құралған «Алатау» футбол командасы әлем чемпионы атанып елге оралды. Ресейде өткен чемпионатқа 16 елден 16 құрама қатысқан. Төрешілердің әділетсіздігіне де төтеп берген қазақ жігіттері намысты қолдан бермей, жеңіс туын желбіретті. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

bandicam-2017-06-14-04-34-34-444

Құраманы Мұқасан Шайзадаев бастап тұр.

«Бұл қазақ елінде тарихта бірінші рет болды. Таңертең ұшып бардық. Кешкісін Аргентинамен ойнап ұтып шықтық, екінші Түрік командасымен ойнап үшінші команда Румыния, 4-ші Сельвиямен ойнап финалға шықтық. Ең соңында Ұлыбританиямен ойнадық», -дейді әнші.

bandicam-2017-06-14-04-33-28-950

Ал, «Ринго» тобының мүшесі Аян Бірбаев чемпионаттағы төрешілердің әділетсіздігіне қынжылыс білдірді.

«Төрешінің соларға жақтасқанын көрдік. Әділетсіздігін көрдік. Ойынды тоқтатпайтын жерде ойын тоқтатты төрешілер. Соған қарап, біз тек бір Аллаға сендік. Осынша әділетсіздіктен жеңіліп қалу жаман болатын еді. Бірақ ораза айында міне, Алладан сұрадық. Құдайға шүкір 64 минутта 1 голды соқтық. Қуанышта шек болмады. Рух кірді бізге. Сенер сенбесімізді білмей жүргенде 68 минутта екінші голды соқтық», – деп Аян өз қуанышымен бөлісті.

bandicam-2017-06-14-04-33-50-334

Ал, «Мистерионс» тобындағы Арман Қоңырбаев Қазақстандағы кәсіби футболшылардың жетпеген жетістігіне жеткеніне қуанды.

«Тарихта болмаған нәрсе. Бізде кәсіби болсын, әуесқой тұрғыда да Қазақстан құрамы чемпионатта жеңіске жетіп көрмеген. Бірінші болып тұрмыз. Әртістер болсақта үлкен жетістік біз үшін»,- деп төрт жыл дайындығының зая кетпегеніне риза.

bandicam-2017-06-14-04-34-42-889

Есесіне, әншінің жары Аша Матай спортқа құмар жолдасын тек футболдан ғана қызғанамын деді.

«Мен, Арманды қыздардан емес, футболдан қызғанамын. Өйткені, ол өмірінің төрттен үш бөлігін футболға арнайды. Аптаның бес күнінде дайындықта жүреді. Бірақ, жемісін көріп отырсыздар»,- деп ағынан жарылды.

bandicam-2017-06-14-04-33-56-923

Енді, «Алатау» футбол командасы келер жылы барлық елдің футбол сүйер әртістерін жинап, Алматының төрінде ойын өткізбек ойлары бар.

Оқи отырыңыз:

Қайрат Түнтеков: Әлемге танымал қазақ әншісі болсам деймін

Сән сахнасына шыққан Кішкенбаевтың қызы жұртты тәнті етті (видео)

Қызбен сүйісіп тұрған Арынбаевтың ұлы желіні шулатты

Бибігүл Төлегенова: Құдайға шүкір, су тасып, қолмен кір жуған күндерім де болды

Талқылау