Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Футболдан Әлем чемпионатында қазақстандық жұлдыздар бас жүлдені алды (видео)

2016 жыл 27 мамыр мен 5 маусым аралығында Мәскеу қаласында әртістер арасында футболдан Әлем чемпионаты өтті. Елімізден бұл чемпионатқа “Алатау” футбол клубы қатысты. Бүгін марапаттау рәсімі болып, қазақстандық жұлдыздар құрамасының бас жүлдені иеленгені белгілі болды.

image

Бұл туралы “Stan.kz” хабарлайды.

Мәскеу қаласында өткен футболдан Әлем чемпионатына қазақстандық шоу бизнес өкілдері де қатысты. Олар – Арман Қоңырбаев, Ғаділбек Жанай, Аян Бірбаев, Тәуекел Мүслім, Айдар Рысбек, Әділжан Омаров, Нұржан Керменбаев, Ерлан Әлімов, Ақылбек Жеменей және т.б.-лар.

“Алатау” клубы Әлем чемпионатында осымен 3 рет бақ сынады. Осы уақытқа дейін 9 және 5 орындарды иемденген болатын. Биыл да чемпионатқа 16 ел қатысып, жеребе бойынша 4 топқа бөлінген. Қазақстан құрамасы С тобында Аргентина, Иран, Словакия елдерімен ойынға түсті.

Алғашқы кездесуде 7:0 есебімен Аргентина әншілер құрамасын ұтқан. Бұдан кейін Словакиямен ойнап, қарсыластарын 2:0 есебімен тізе бүктірген. Ал 1 маусым күні өткен Қазақстан-Иран арасындағы шешуші ойында екі жақ тең түскен.

ГРАН ПРИИИИИИ… Лучший концерт!Құтты болсын Қазақ елі!🇰🇿🇰🇿🇰🇿🎼🎼🎼🏇🏇🏇👏🏻👏🏻👏🏻👍🏼👍🏼👍🏼

Видео опубликовано Керменбаев Нұржан Болатбекұлы (@nurzhan_kermenbayev)

Бүгін чемпионаттың қорытындысы жарияланып, қазақстандық “Алатау” құрамасының бас жүлдені алғаны белгілі болды. Бұл қуанышты хабарды Нұржан Керменбаев жеткізді.


Жіберіп алмаңыз:

Футболдан Әлем чемпионатында қазақстандық жұлдыздар қарсыластарын ұтты

Қазақстандық жұлдыздар балаларына қойылған ерекше есімдер (фото)

Желіде жұлдызға айналған танымал адамдардың балалары

Қазақстандық жұлдыздар даяшыға шай-пұл бере ме

Талқылау