Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Футболдан Әлем чемпионатында Испания мен Португалия тең түсті

Футболдан 2018 жылғы Әлем чемпионатында Испания мен Португалия командалары тең түсті, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

Футболдан Әлем чемпионатында Испания мен Португалия тең түсті

Сурет: Rg.ru

Ойынның 4-минутында испаниялықтар қақпасына 11 метрлік айып добы белгіленіп, Роналду гол соғып, есеп ашты.

Мұнан кейін ойынның 24-минутында испаниялық Диего Коста португалиялықтармен есеп теңестірді.

20 минуттан кейін Криштиану Роналду айып алаңы сызығынан кенет соққы беріп, тағы бір гол соқты.

Ойынның 55-минутында Диего Коста есепті теңестірді. Ал үш минуттан кейін Начо допты айып алаңының сыртынан оң аяғының сыртқы тобығымен шиыра теуіп, керемет гол соқты.

Есеп теңестіргісі келген португалиялықтар екі қанаттан ортаға ойысқан жоспарлы шабуылдарын үдете түсті. Шабуылдардың бірінде Роналдуға қарсы ереже бұзылып, айып доғы тағайындалды. Нәтижесінде ойынның 88-минутында Роналду айып добын тамаша орындап, гол соқты.

Осылайша ойын 3:3 есебімен аяқталды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Талқылау