Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Футболдан Әлем чемпионаты: Франция құрамасы Аустралия командасын жеңіп кетті (видео)

Футболдан 2018 жылғы Әлем чемпионатының алғашқы топтық кезеңіндегі Франция мен Аустралия құрамаларының арасындаға ойын аяқталды.

Футболдан Әлем чемпионаты: Франция құрамасы Аустралия командасын жеңіп кетті (видео)

Бұл туралы Prosports.kz сайтына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Франция және Аустралия құрамаларының арасындағы ойын 2:1 есебімен франциялықтардың пайдасына аяқталды.

Франция құрамасының ойыншысы Антуан Гризманн ойынның 58-минутында есеп ашты.

Ал ойынның 62-минутында аустралиялық Майл Единак гол соғып, есепті теңестірді.

Алайда ойынның 81-минутында қарсыластарының қақпасына гол соққан франциялық Поль Погба командасына жеңіс сыйлады.

Айта кетсек, чемпионаттың екінші кезеңінде Франция командасы Перу, ал Аустралия командасы Дания құрамасымен ойын көрсететін болады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау