Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Футболдан ӘЧ-ге бара жатып мерт болған танымал блогердің досы марқұм туралы айтып берді

Ресейде өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатына бара жатып жол апатынан мерт болған Сұңқар Килаж қайғылы оқиғаның алдында Назарбаев университетіне түскен. Бұл туралы марқұмның досы Мәди Қуандық айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz.

Сұңқар Килаж

Сурет: Sputnik

Марқұмның досының сөзінше, Сұңқар 2017 жылы Петропавлдағы Қазақ-түрік лицейін тәмамдап, Назарбаев университетінің университет алды дайындық тобына түскен. Оны 208 жылы бітірген екен.

«Ол қайғылы оқиғаның алдында Назарбаев университетінің бакалавриатына түскен», – дейді Мәди.

Сұңқар Килаждың танымал блогер болғаны белгілі. Ол YouTube-тегі Stence Show арнасына компьютерлік ойындардың видео көріністерін жариялап, «ВКонтакте» әлеуметтік желісінде Stence паблиін жүргізген. Блогердің 10 мың оқырманы болыпты.

«Сұңқардың қашаннан бері блогерлікпен айналысып жүргенін білмеймін. Ол мектепте оқып жүрген кезінде, шамамен 2013 жылдары басталған болуы керек. Сонымен қатар ол видео түсіріп, оларды өңдегенді ұнататын. Тіпті өзі түсірген бірнеше қысқаметражды фильмі бар. Ол бұл істі жақсы көретін», – дейді Мәди Қуандық.

Сол күні Сұңқар әкесі және немере ағасымен бірге Бразилия мен Бельгия құрамаларының ойынын тамашалау үшін Қазан қаласына бара жатқан.

«Сұңқар футболды жақсы көретін әрі баршама жақсы ойнайтын. Алайда нағыхз фанаты болды деп айта алмаймын», – дейді марқұмның досы.

Мәди Қуандықтың сөзінше, Сұңқар өте жақсы әрі мейірімді адам болған. Үнемі достарына қол ұшын созып жүретін, дейді ол.

«Бұл біз, яғни достары, жақындары мен туыстары үшін үлкен қайғы», – деп тәмамдады марқұмның досы.

Естеріңізге сала кетсек, 6 шілдеде Ресейдің Челябинск облысының Сим қаласының маңында жол-көлік оқиғасы орын алып, үш адам мерт болды. Анықталғандай, көлік ішінде қазақстандық танымал блогер Сұңқар Килаж, оның әкесі мен немере ағасы болған. Алдын-ала мәлімет бойынша, жеңіл көлік жүргізушісі жолдың қарсы жолағына шығып кетіп, жүк көлігімен соқтығысқан. Соққы салдарынан жеңіл көлік өртеніп кетіпті.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау