Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Футболдан ӘЧ: Бразилия құрамасы 1/8 финалда Мексиканы ойсырата ұтты

Бразилия құрамасы Ресейде өтіп жатқан 2018 жылғы Әлем чемпионатының 1/8 финалының матчында Мексиканы 2: 0 есебімен ойсыраты ұтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Футболдан ӘЧ: Бразилия құрамасы 1/8 финалда Мексиканы ойсырата ұтты

Бразилия мен Мексика құрамасының арасындағы 1/8 финалының матчы 2 шілдеде Самара қаласында өтті. Аталған командалар арасындағы кездесу 2: 0 есебімен аяқталды.

Осылайша, Бразилия ұлттық құрамасы әлем чемпионатының ширек финалына шықты. Бразилиялықтарға жеңіс сыйлаған екі гол да екінші таймда соғылды. Ойынның 51 минутында Вилланның пасынан кейін Неймар есеп ашты. Ал ойынның аяқталуына 2 минут қалғанда Роберто Фирмино есепті еселеді.

Бүгінгі ойында футбол жанкүйерлерінің сүйіктісіне айналған бразилиялық шабуылшы Неймар әлем чемпионатында плей-оффтағы гол саны бойынша Роналду мен Мессиді басып озды.

Кездесуді 2:0 есебімен аяқтаған Бразилия осымен жетінші рет қатарынан әлем чемпионатының ширек финалына шықты. Енді Бразилия ұлттық құрамасы ширек финалда Бельгия – Жапония матчының жеңімпазымен ойын көрсететін болады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

 

Талқылау