Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Футболдан ӘЧ-2018: Испания құрамасы Иранды жеңіп кетті

Ресейде футболдан  өтіп жатқан Әлем чемпионатында Испания құрамасы Иран командасын жеңді.

Футболдан ӘЧ-2018: Испания құрамасы Иранды жеңіп кетті

Бұл туралы «SPORTINFORM» спорттық ақпарат агенттігіне сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Командалар арасындағы ойын 1:0 есебімен Испанияның пайдасына аяқталды.

Ойын барысында жалғыз голдың авторы Диего Коста болды.

Ойын кезінде Иран құрамасы гол соққан еді. Алайда офсайд үшін, төрешілер бригадасы голды жоққа шығарды.

Ал ойын соңы өте тартысты өтті. Алаңнан Иньеста кеткеннен кейін, испаниялықтар допты бұған дейінгідей жақсы бақылай алмады.Сондай-ақ ирандықтардың шабуылы қауіпті бола түскен еді. Алайда олар есепті өзгерте алмады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау