Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Футбол матчы кезінде жасөспірімге найзағай түсіп мерт болды

Алтай өлкесі Рубцовск қаласында студенттік командалар арасында өтіп жатқан матч кезінде футболшыға жай түсіп, қаза тапты.

A-League Rd 21 - Western Sydney v Melbourne...SYDNEY, AUSTRALIA - MARCH 11: Lightning strikes delay the start of play before the round 21 A-League match between the Western Sydney Wanderers and Melbourne City FC at Pirtek Stadium on March 11, 2015 in Sydney, Australia. (Photo by Matt King/Getty Images)

Бұл туралы ТАСС РФ Алтай өлкесі бойынша тергеу комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Найзағай металл қақпаға түскен. Сол сәтте бұл жерде төрт ойыншы болған. 18 жастағы жігіттің оқиға орнында көз жұмғаны және тағы үш баланың ауруханаға жеткізілгені хабарланды. Олардың ішінде кәмелетке толмаған жасөспірім де бар.

Тергеу комитеті аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Тексеру нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Жіберіп алмаңыз:

Ақтөбеде 6 жасар қызды зорлап кетті

ОҚО-да жантүршігерлік жол апатынан бір жолаушының басы жұлынып кетті

Қостанай облысында қамауда отырған қылмыскер қасық жұтып қойған

Талқылау