Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Хет-трик жасаған Роналду «Реалды» Чемпиондар Лигасының жартылай финалына өткізді

Мадридтік «Реал» немістің «Вольфсбург» футбол клубын ширек финалда 3:0 есебімен жеңіп, Чемпиондар Лигасының жартылай финалына өтті.

360735756

Сурет: rian.com.ua 

Бұл туралы Vesti.kz хабарлайды.

Қарымта ойын Мадридтегі «Сантьяго Бернабеу» стадионында өтті. «Реалдық» Криштиану Роналду 15-ші минутта есеп ашып, алғашқы голын қақпаға ендірсе, екі минуттан соң Тони Кроостың баспен берген добын қақпаға дәл бағыттай білді. Жанкүйрелер Роналдудың 3-ші голына да куә болды. Ойынның 77-ші минутында португалдық футболшы айып добын тамаша орындады. Мадридтіктердің турнирдің келесі сатысына өтуі үшін дәл осындай ойын қорытындысы қажет болған.

Айта кетейік, бұл кездесудің бірінші ойыны Германияда өткен. Онда «Вольфсбург» 2:0 есебімен жеңіске жеткен болатын. Бірақ, екі ойын нәтижесі бойынша, «Реалдан» 2:3 есебімен ұтылып тұрған болатын.

Енді «Реалдың» жартылай финалдағы қарсыласы 15 сәуірде анықталады.

Талқылау