Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Фредди Роуч: Канело Головкинге қарағанда әлдеқайда мықты

Аты аңызға айналған бапкер Фредди Роуч Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварестің жекпе-жегін көргісі келетіні жайлы ойымен бөлісті, ол Альваресті GGG-ға қарағанда мықты санайтынын да жасырмады.

12/17/09,Youngstown,Ohio ---   Trainer Freddie Roach talks with reporters during interviews Thursday about his fighter USA Olympian Super Welterweight Vanes Martirosyan's upcoming feature fight against NABF Jr. middleweight champion Willie Lee  Saturday, December 19 at Beeghly Center at Youngstown State University.  This event is produced and distributed live on pay-per-view by Top Rank.  --- Photo Credit : Chris Farina - Top Rank  (no other credit allowed)  copyright 2009

Бұл туралы  Sports.kz сайты хабарлаған.

“Головкин мен Канелоның жұдырықтасуы ас тартысты бәсеке болар еді. Сонымен бірге үлкен тест дер едім, себебі Головкин әлі нағыз боксшымен жолыққан жоқ. Ол менің жақсы көретін боксшыларымның бірі. Оның рингтегі айқасы да ерекше. Бірақ ол әлі де азулы қарсыласпен кездесіп көрген жоқ. Одан ірі әрі мықты көрінетін қайтпас-қайсар мексикалыққа қарсы тұру Головкинге оңайға соқпайды. Меніңше, Канело жеңеді. Коттомен айқаста тиген мықты соққылар оны орнынан да қозғалта алмады. Сондықтан да ол күшті деп ойлаймын”, – деді Роуч Fighhype.com.-ға берген сұхбатында.

Талқылау