Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Фредди Роуч: «Альварес Головкиннен мықты»

Атақты бокс бапкері Фредди Роуч, WBC нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Сауль Альваресты WBA (Super), IBO, WBC (Interim), IBF нұсқаларының чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннен әлдеқайда мықты деп ойлайтынын айтты.

1440651310_freddie-roach

Бұл туралы championat.com хабарлайды.

“Алдағы жекпе-жек үлкен сынақ алаңы іспетті болмақ. Головкиннің шаршы алаңдағы өзін-өзі ұстау тактикасы маған ұнайды, бірақ, ол әлі де болса шынайы мықты қарсыласпен қолғап түйістірген жоқ. Сол себепті де осы кездесуді асыға тосып жүрмін. Ал ол кезде Альварес қазақстандықтан басым түсері сөзсіз. Өйткені ол күшті деген Коттоның өзінен де айласын асырып кетті”, – дейді Фредди Роу.

 photo_22977

Естеріңізге салсақ, Головкин Альварестің титулына бірден-бір үміткер боксшы. Жекпе-жек биылғы жылдың күзінде ұйымдастырылады деп күтілуде. Оған дейін екі боксер де бір-бір кездесу өткізіп алулары керек. GGG шаршы алаңға осы жылдың 23 сәуірінде оралады, бірақ, қарсыласы әлі нақты белгілі болған жоқ.

Талқылау