Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Француздық БАҚ париж терактісін ұйымдастырушылардың есімдерін анықтады

Француздық  RTL  радиостанциясы париждегі террорлық шабуылды ұйымдастыруы мүмкін деген азаматтың есімін атады. Олардың мәліметі бойынша оқиғаны ұйымдастыруда атсалысқан әрі қаржыландырған 27 жастағы Сириялық Абдельхамид  Абауд  (Abdelhamid Abaaoud) болуы мүмкін.

терр

RTL-дің хабарлауынша  тергеу мәліметі бойынша  Абауд  Франция астанасындағы террорлық шабуылдауды ұйымдастырған әрі қаржыландырған. Себебі,оның аты  қаңтардағы Бельгияда  жолы кесілген террористік шабуылдауды тергеу кезінде аталған. Ол яғни Абдельхамид  Абауд   Ресейдегі  «Ислам  мемлекеті» ұйымының ең аты шулы  жауынгері болып есептелген.

15 қараша күні  Франция билігі террорлық шабуылдауға  қатысы бар деген үш күдіктінің  есімдерін  анықтаған болатын. Оның бірі Францияның 29 жастағы азаматы  Ислам Омар Мостефай (Ismael Omar Mostefai). Екіншісі 1990 жылғы Абдулакбак Б. (Abbdulakbak B ),  Сирия азамат  Ахмет Алмохаммед (Ahmad Almohammad) . Сондай-ақ, шабуылдау кезінде 20 жастағы Франция азаматы Биляль Хадфи белсенділік танытқан деп отыр. Ал бесінші терроршының есімі  Сами делінген. Оның отбасы Париж шетіндегі  Бобиньи қалашығында тұрады деп анықталған.

14 қараша күні Париж қаласының бірнеше жерінде   төрт рет бейбіт азаматтарға шабуылдау болған еді. Соңғы мәліметтер бойынша оқиға құрбандарының саны 129-ға жеткен.

Талқылау