Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Француз жігіті қиындығы жоқ жеңіл жұмыс істеткен басшылығын сотқа берді

Француз Фредерик Дезнард өзінің бұрынғы басшысынан 360 мың евро өтемақы талап етіп отыр. Оның айтуынша, қызмет басшылығы оны көп жұмыс істеуге мәжбүрлемепті.

1381324658_dnevnoy-son2

Сурет: www.kurer-sreda.ru 

Дернард Interparfum ірі парфюмериялық компаниясында жұмыс істеген. Жұмыс беруші оған ешқандай басқарушылық жұмыс тапсырмай, 4 жыл бойы іш пыстырарлық жұмыс істеп келген екен. Соның салдарынан арызданушы өзін ешкімге керегі жоқтай сезінген. Оның айтуынша, басшылығының кесірінен оның мансабы өспей, кәсіби тұрғыда дамымаған. Сондықтан ол басшылығының өзімен есептесуін талап етуде.

Ол сондай-ақ, осындай жұмыс салдарынан денсаулығынынң да нашарлағанын да айтады. Оның асқазанында жара пайда болып, эпилепция болған. Тіпті ұйқысыздық ауруына да ұшыраған көрінеді.

Іш пыстырарлық жұмысқа қатысты іс сотта қаралатын болды. Бұл Францияда еңбек қиындығынан аздығы жөніндегі алғашқы сот отырысы болмақ.

Талқылау