Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Француз полицей ел президенті мен премьерінің қолын алудан бас тартты

Францияда полиция қызметкері қаза тапқан екі полицейді еске алу кешінде ел президенті Франсуа Олландтың қолын алудан бас тартты.

epa_16220604_webnewsdetailed_jpg

Оқиға қаза тапқан екі полицейді еске алу кешінен кейін болған. Ел президенті Олланд полицей қызметкерлерінің қасынан өтіп, олармен қол берісіп амандасып келе жатқан. Сол кезде бір полицей президент пен премьер министрінің қолын алмай, тік тұрған қалпында тұра берген. Үкімет басшысы оның жанына келіп әлденені ескерткен. Алайда, оның не айтқаны белгісіз.

Ollanda-proignorili-830x500

Айта кетейік, 14 маусым күні Францияда ер адам көрші полицей әріптесін пышақтап өлтірген. Полицейлер арнайы операция барысында оны ұстаған. Қылмескер полицейдің әйелін де өлтірген. Ол әйел де полиция қызметкері болған. Оның тек баласы ғана аман қалған.

Талқылау