Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Француз отбасы лотерея билетінен 83 миллион евро ұтып алды

Францияның Дижон қаласында тұратын отбасы 2,5 евроға сатып алған лотерея билетінен 83,4 миллион ұтты.

78777

Бұл туралы Parisien газеті хабарлайды.

Отбасының жеңісі туралы оларға 11 сәуір күні хабарланса да, БАҚ-та енді ғана жария болып отыр. Басылымның жазуынша, мұндай мүмкіндік 116 миллионнан біреуге бұйырады екен. Мұндай ұтыс EuroMillions жобасы басталған 2004 жылдан бергі уақыттағы ең ірі сыйақы.

Мұндай ақшаға ие болған отбасы бәрібір өз жұмыстарын ұмытпайтынын айтыпты. Олардың сөзінше, жұмыстары – олардың махаббаттарына айналып кеткен.

Талқылау