Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Француз министрі хиджабтағы әйелдерді құлдықтағы негрлермен салыстырды

Францияның әйел құқықтары жөніндегі министрі хиджаб таққан мұсылман әйелдерді құлдықта жүрген негрлермен салыстырғаны үшін даудың ортасында қалды.

ыммммм

Бұл туралы BBC орыс қызметі хабарлайды.

Француз телеарналарының бірінен сөз сөйлеген Лоранс Россиньол хиджаб шығарып жатқан сән брендтерін де қатаң сынға алды. Оның айтуынша, сән әйелдерге еркіндік беруі тиіс. Ал нәзік жандылардың хиджаб тағуын ол әйелдерді жасыруға бағытталған диктатураның құрбандығына айналу деп бағалады.

Кейіннен министр, хиджаб таққан әйелдер туралы айтқан пікірі барысында “негр” сөзін қолдануы арқылы үлкен қателікке ұрынғанын мойындады. Бірақ, ол бұл сөзді философ Шарль Монтескенің “Негрлер құлдығы туралы” еңбегіне қатысты айтпақшы болғанын жеткізді.

Осыдан соң мыңдаған адам петиция жолдап, министрдің қызметтен кетуін талап етуде. Хиджаб мәселесі Францияда бірнеше жылдардан бері мемлекеттік деңгейде қызу даудың ортасында қалып келеді. Француз билігі мұғалімдер мен оқушыларға мемлекеттік мектептерде, мемлекеттік қызметте кез-келген діни сенімдегі киімдерді киюге тыйым салған. Сондай-ақ, қоғамдық орындарда мұсылман әйелдерге бетті толықтай жауып тұратын никаб тағуға да қатаң тыйым бар.

Талқылау