Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Француз қызына кітабын көшеге тастап кеткені үшін айыппұл салынды

Париж полициясы кітапты көшеге қалдырып кеткені үшін тұрғынға 68 евро көлемінде айыппұл салды.

56665

Бұл туралы France Bleu хабарлайды.

Гвенель есімді әйел қаңтар айының аяғында кітапты әлдекімге бермекші болады. Алайда кітап дүкенінде әдебиет ауыстыратын сөрені таппайды. Сосын ол кітапты дүкеннің алдына тастап кетуді жөн санаған.

Полиция оған осы әрекеті үшін 68 евро айыппұл салады. Әдетте мұндай көлемдегі айыппұлды көшеге темекі қалдығын тастағандар мен ерткен итінің тазалығын сақтамағандар төлейді.

Бұл оқиғаға таңғалған Гвенель жағдайды әлеуметтік желідегі парақшасына жазады. Оны БАҚ таратып, кейін Париж мэрінің құлағына да жеткен. Мэр естіген бойда дереу әйелге тағайындалған жазаны алдырып тастатқан.

“Бұл қателік. Париж кітап пен оны бөліскісі келетіндерді жақсы көреді. Біз айыппұлды алып тастаймыз”, – делінген қала әкімдігінің желідегі ресми парақшасында.

Оқи отырыңыз:

Түркияда Дональд Трамптан аумайтын адам табылды

29 жастағы келіншек ең жас батыр ана атанды

Порно фильмге түскені үшін жұмыстан қуылған мұғалім әйелдер құқығын қорғап арызданды

Әйел өз қызының 13 жасар жігітін зорлап тастады

Талқылау