Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Француз хирургтары 15 жыл бойы миы "өлі" күйде жатқан ер адамды оятты

Франциядағы ғылыми зерттеулер ұлттық орталығының хирургтары 15 жыл бойы ес-түссіз жатқан 35 жастағы ер адамның ішінара ес жинауына мүмкіндік берді.

Бұл туралы New Scientist хабарлайды.

Бас миының жарты шары “өлген” емделушіге бірқатар маңызды нейрондарды байланыстыратын электрлі ынталандыру жасалған. Адамның мұндай жағдайға түсуі жүрек тоқтауына байланысты оттегі жетіспеуінен немесе ми жарақатынан болады.

Дәрігерлер тобы кезбе жүйкесінің ынталануы мидың ой-санаға жауапты аумағында белсенділік тудырады деп болжаған. Кезбе жүйкемиды бас органдарымен, мойынмен, кеудемен байланыстырады. Ол жүрек бұлшық етін қадағалап, белсенділікті арттырады.

Мамандар кезбе жүйкені электродпен байланыстырған. Имплантациядан кейін бір ай өткен соң дәрігерлер 0,25 миллиамперлік күші бар электр тогымен ынталандыру жіберуді бастайды. Әр жіберудің ұзақтығы 30 секундты құраған. Тәжірибе алты айға созылады. Емделушінің миы позитронды-эмиссионды томография арқылы бақылауда болған.

Нәтижесінде ер адам көзін жиі ашып, бөлме ішіне көз салып, адамдардың өтініштеріне назар аудара бастаған. Ол сосын күлуге де талпынған.

Оқи отырыңыз:

Комада жатқан науқас аппаратын өшіретін кезде оянып кеткен

Қазақстанда 1 қазаннан бастап тұмауға қарсы вакцинаны жаппай егу басталады

Ғалымдар күйзелісті ұйқысыздықпен емдеуге болатынын айтты

Таразда дәрігерлердің кесірінен 7 айлық сәби мүгедек болып қалған

Талқылау