Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Франциялық жігіт 96 жастағы анасының атынан Димашқа өтініш білдірді

Францияда 96 жастағы әже Димашты бір көруді армандап жүр. Ұлының айтуынша, анасы Мамахи Димашты сүйіп тыңдайды.

jpg

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Францияда Эдгар есімді азамат Димашқа өтініш білдірген екен. Ол өз хатында анасының өтініші туралы жазған.

«Димаш, сізге анамның жалғыз тілегі туралы айтып бергім келеді. 96 жастағы Мамахи есімді анам сізді қатты жақсы көреді. Сөзіме сеніңіз. Ол маған соңғы тілегін айтып жатыр. О дүниеге аттанбас бұрын, сізді өз көзімен көргісі келеді. Күн сайын сіз туралы жаңалықтар айтып отыруымды сұрайды. Соңғы шыққан әндеріңізді тыңдап, видеоларыңызды қарайды. Мен оған осы арманын орындауға уәде еттім. Жаратушым маған көмектесер деген үміттемін. Ізгі ниетпен,  Эдгар», – деп жазылған хатта.

Аталған ақпараттағы хаттың қаншалықты шынайы екені белгісіз. Десе де, қазақстандықтар жігітке тілектес болып отыр. Ал бұдан жұлдыздың қаншалықты хабардар екені белгісіз.


Жіберіп алмаңыз:

Жазира Байырбекова: Димаштың шетелде Қазақстанның атын шығарып жүре бергенін қалаймын

Қарақат пен Қыдырәлі сәбилерінің есімін қырқынан шыққанша айтпайтын болды

Артур Төлепов сүйіктісіне сақина салып, ұсыныс жасады (фото)

Парижде ән салған Димаш әлем жұлдыздарын таңдай қақтырды (видео)

Талқылау