Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Франциялық қыз қуыршаққа ұқсау үшін 45 мың доллар жұмсаған (фото)

Қыздардың барлығы бала күнінде қуыршақпен ойнайды. Бірақ кейбіріне қуыршақтың мінсіз сұлулығы ерекше әсер ететін сияқты. Францияда тұрып жатқан Латвия тумасы, модель Виктория Уайлд қуыршаққа ұқсау үшін 45 000 АҚШ долларын жұмсаған екен.

Викторияның отаға дейін де көпшілікті сұлулығымен тамсандыратын ару болған. Бірақ ол сырт келбетін өзгертіп, қуыршаққа ұқсауды ұйғарыпты.

Виктория ерніне, бөксесіне және кеудесіне пластикалық ота жасатып, мұрнының пішінін өзгерткен. Ол жасалған әр отадан кейін өзін баққытты сезіне түсіпті.

Модельдің сөзінше, барлық қыз кішкентай кезінде қуыршаққа ұқсауды армандайды екен. Ал арманыңды жүзеге асыру – қылмыс емес.

Виктория қазіргі сырт келбетінің өзіне ұнайтынын мойындады. Ол адамдардың өзіне назар аударып қарағанынан ләззат алатын көрінеді.

Викторияның Симон есімді жігіті бар. Ол да сүйіктісінің сырт келбетіне тәнті болған екен. Сонымен қатар, Симон Викторияның алдағы уақытта жасататын оталарының ақшасын төлеп беруге дайын.

«Мен тартымды қуыршаққа ұқсаймын. Маған ешбір адам немқұрайлы қарай алмайды», – дейді модель.

Оқи отырыңыз:

Құлағымен су ішіп, сыбызғыда ойнайтын қытайлық желі қолданушыларын таңдандырды (видео)

Британиялық әйел қайтыс болған әкесінің мәйітінің күлінен ойыншық жасап, анасына тарту еткен

Тамақты тез шұқып жейтін үйрек желі қолданушыларын күлдірді (видео)

Жүкті әйел өртеніп жатқан үйден той көйлегін алып шықпақ болған

Талқылау