Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Францияда өнер көрсеткен қазақстандық биші қыз сахнада жылап қалды (видео)

Қазақ қызы Дана Мұса Францияда дарындылар шоуына қатысты. Өз елін таныстырған биші сахнада көз жасына ерік берді.

Дана Мұса

Биші қыз Қазақстанда әйелдерге сахнада билеуге тыйым салатынын айтып, көз жасын тыя алмады.

Оның би қойылымы кезінде әділқазылар алқасының кей мүшесі көз жасына ерік берді. Төрешінің бірі бишінің алғысқа бөленуі тиіс екенін, оны бидегі белгілі шектен асып кететінін айтты.

Дана Мұса желіде көз жасын ерік бергені үшін көпшіліктен кешірім сұрады.

“Бұл алдын ала ойластырған дүние емес. Ойымды айтып жатқанда кей жайттар есіме түсіп кетті. Кейде есіме түссе, жаным ауырады”, – дейді бойжеткен.

Желі қолданушыларының айтуынша, биші қыз Францияда тұрады. Оның жеке би студиясы бар.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау