Францияда лаңкес шіркеуге басып кіріп қантөгіс жасады

Сәрсенбі, 27 Шілде , 2016 8:40

Францияның солтүстігіндегі Руанда екі ислам атын жамылған содыр шіркеуді басып алып, қантөгіс жасады.

12510160

Жак Хамель есімді 84 жастағы діни қызметкерді өлтіріп, шіркеуге келуші бір адамды қатты жаралады.

Полиция екі содырды өлтіріп, шіркеуде кепілге алынған адамдарды босатты. Бұл шабуылды “Ислам мемлекеті” содырлары өз мойына алды.

Францияда шіркеуге шабуыл жасағандардың бірі “бұған дейін лаңкестік әрекетке дайындалды” деген айыппен сотталған болып шықты. 19 жастағы жігіт «Ирак пен Левант лаңкестік тобының» қатарында күресу үшін Сирияға аттанбақ болған. 1 жылға бас бостандығынан айырылған ол тек биыл наурыз айында ғана еркіндікке шыққан. Сол уақыттан бері қылмыскер полицияның қатаң бақылауында болып, арнайы электрондық білезік те тағып жүріпті.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
28.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар