Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Франция соты экс-банкир Әбілязовты босату туралы мәселені қарастырмақ

Әбілязовтың адвокаты бұл ел экс-банкирге ешқандай айып тақпағаны себепті оны Францияда осыншама ұзақ уақыт ұстау еш негізсіз деп санайды.

9299424

Сурет РИА Новости

Бұл туралы Қазақстан Жаңалықтары хабарлайды.

Лион соты жұма күні бұрынғы қазақстандық экс-банкир Мұхтар Әбілязовты босату туралы мәселеге қатысты өтіншіті қарастырмақ. Бұрынырақта Франция банкирді Ресейге беруге келіскен еді. Мұндай жарлыққа 2015 жылы қыркүйекте ел премьер-министрі Мануэл Вальс қол қойған. Алайда Әбілязовтың адвокаттары істі Францияның мемлекеттік кеңесіне қайта ұсынған.

Экс-банкирдің Францияда темір тордың ар жағында 2 жыл 7 айын өткізген. Өз кезегінде Францияның Бас прокуратурасы сейсенбі күні Әбілязов ісінің бірқатар қиындықтарына байланысты күрмеулі мәселелер туындағанын айтты. Прокуратура сондай-ақ, экс-банкир босатылған күннің өзінде оның экстрадицияға келісім бере қоятындығына күмәнданатындарын да мәлімдеді.

Қазақстандық БТА банктің бұрынғы басшысы Мұхтар Әбілязов 2013 жылы шілде айында Францияда ұсталғалы бері қамауда отыр. Ол қазір Париждің оңтүстігіндегі Флери-мерожи коммунасындағы түрмеде. Бұл Европадағы ірі пенитенциарлық түзеу мекемесі болып есептеледі. Әбілязовтың қылмыстық ісі Ресей, Қазақстан және Украина елдері шеңберінде қарастырылады. Алайда, оны тек Ресей мен Украинаға ғана жібере алады. Әзірге Астана Парижбен оны экстрадициялау туралы келісімге келмеді.

Бұрынғы банкирге алаяқтық, жалған құжат жасау, қызмет құқығын шектен тыс пайдалану секілді бірқатар айыптаулар тағылып отыр. Әбілязовтың мойнына ілінген өтеу шығын көлемі бірнеше миллиард долларлап саналады. Оған қатысты қылмыстық іс 2009 жылы қозғалған. Бұдан соң ол Қазақстаннан кетіп қалып, біраз уақыт Ұлыбританияда тұрды. Кейін бұл мемлекетті де тастап шығуына тура келген.

Талқылау