Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Франция президентінің шаштаразы министрлермен бірдей жалақы алады

Франция президенті Франсуа Олландтың жеке шаштаразы ел министрлерімен бірдей жалақы алады.

1847965

Сурет korrespondent.net

Бұл туралы lenta.ru хабарлайды.

Оливье Б. ай сайын 9895 евроны қалтаға басады. Ал үкімет мүшелерінің айлығы 9940 евро болса, мемлекет басшысы 14 999 евро алады.

Міндеттемеге сәйкес, шаштараз мемлекет басшысына кез-келген сәтте қызмет көрсетіп, іссапарларда онымен бірге жүруі керек.

Оливьенің келісім-шарты 2012 жылдың мамыр айында Елисей сарайының кеңсе басшысының қатысуымен бекітіліп, 5 жылға жасалған. Осы уақыт ішінде шаштараз 593 700 евро табыс тапқан. Жалақыдан бөлек, ол өмір сүруге қосымша жәрдемақы алады. Сондай-ақ, оның отбасы үшін арнайы жеңілдіктер де қарастырылған.

Талқылау