Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Франция-Хорватия: Назарбаев сыйлаған ит футболдан ӘЧ-де қай құраманың жеңетінін болжап берді (видео)

Алматылық қыз Медина Майсарованың «Снежа» атты иті футболдан 2018 жылғы әлем чемпионатында қай құраманың жеңетінін болжады, деп хабарлайды Stan.kz.

Франция-Хорватия: Назарбаев сыйлаған ит футболдан ӘЧ-де қай құраманың жеңетінін болжап берді (видео)

Мемелекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев алматылық қыз Медина Майсароваға француз бульдогын Жаңа жылға орай сыйлаған.

Бұған дейін әлем чемпионатының финалына қай құрамалардың шығатынын дәл болжаған ит ендігі кімнің жеңетінін болжап берді. Оған Хорватия мен Франция мемлекеттерінің туларын таңдау ұсынылған.

«Дәл қазір Де Франс Сесиль Снежан (Снежа) футболдан 2018 жылғы әлем чемпинатында кімнің жеңетінін анықтады», – деп жазды алматылық қыз Instagram-парақшасында.

Француз бульдогының болжамы бойынша, әлем біріншілігінде Франция құрамасы жеңіске жетеді.

 

Естеріңізге сала кетсек, Хорватия мен Франция құрамаларының арасындағы ойын 15 шілдеде Мәскеуде өтеді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау