Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Франция Еуро-2016 чемпионатында алкоголь саудасына шектеулер енгізді

Марсель қаласында орыс, ағылшын және француз футбол жанкүйерлері арасында болған қырғын төбелестен кейін Франция күш көрсетулерді одан әрі болдырмау үшін шаралар қабылдауда.

epa05358193 Gary Cahill (C) of England in action during the UEFA EURO 2016 group B preliminary round match between England and Russia at Stade Velodrome in Marseille, France, 11 June 2016. (RESTRICTIONS APPLY: For editorial news reporting purposes only. Not used for commercial or marketing purposes without prior written approval of UEFA. Images must appear as still images and must not emulate match action video footage. Photographs published in online publications (whether via the Internet or otherwise) shall have an interval of at least 20 seconds between the posting.) EPA/TOLGA BOZOGLU EDITORIAL USE ONLY

Бұл туралы bnews.kz хабарлайды.

Ішкі істер министрі Бернар Казнев матчтар өтіп жатқан қалалардың билігіне ішімдікті өздерімен бірге алып кететіндерге саудалауға жартылай шектеу енгізу талабын қойды. Сондай-ақ күш көрсеткені үшін ұсталған адам бұдан кейін стадионға да, футбол сүйер қауым жиналатын басқа да орындарға жіберілмейтін болады. «Бірнеше префектура алкоголь саудасына, оны тасымалдауға және тұтынуға шектеу енгізді. Мен матч қарсаңында және өтетін күні ықтимал қауіпті орындарда, сондай-ақ фан-аймақтар жұмыс істеген уақытта алкогольдік ішімдіктерді сатуға, ішуге және тасымалдауға тыйым салу жөнінде бұйрық бердім», – деді Казнев.

Жанкүйерлерінің төбелесі үшін Ресей мен Англия УЕФА-дан ескерту де алды. Егер мұндай жағдай тағы қайталанатын болса, аталған елдердің құрамалары шеттетіледі.

«Велодром» стадионындағы оқиғаға байланысты Ресей футбол федерациясына қатысты тәртіптік тергеу де басталды. Өткен сенбіде Англия мен Ресей командалары теңбе-тең түскен болатын. Матч кезінде ресейлік жанкүйерлер алдымен файерлер тұтатып, кейін финалдық ысқырық естілісімен Англия құрамасының фанаттары отырған жаққа қарай лап қойған.

Жалпыресейлік жанкүйерлер бірлестігі болса футболдан Еуропа чемпионатының Англия мен Ресей арасындағы матчта орын алған келеңсіздікке қатысты ресми мәлімдеме жасап, арандатушылыққа ермеуге, командаға кесірі тимейтіндей қолдау жасауға шақырды.

Жіберіп алмаңыз:

УЕФА Ресей мен Англияны Еуро-2016 чемпионатынан шеттетуі мүмкін

Футболдан Европа чемпионатының телекөрсетілім кестесі

Талқылау