Фотосуреттері Луврға қойылған қазақстандық фотограф Италияға жолдама ұтып алды (фото)

Бейсенбі, 17 Наурыз , 2016 15:22

Фотосуреттері Луврға қойылған қазақстандық фотограф Вероника Лернер «Менің таңғажайып Қазақстаным» атты байқауда жеңіп, Италияға жолдама ұтып алды.

20160317143925

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Ол байқаудың 4 жеңімпазымен бірге Неаполь қаласына қыркүйек айында аттанатын болды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Вероника байқауда жеңіске жеткен жалғыз қыз. Ол: «Қазақстанның адамдары» атты аталымда үздік деп танылды.

«Автор туындыларының ең басты бағыты – адамдар. Адам бейнелеріне, аса сезімталдылық және таңғажайып энергетикаға деген махаббат Вероникаға көптеген байқауларда жеңіс әкелді», – деп атап өтті ұйымдастырушылар.

20160317143920

Еске сала кетейік, Вероника Лернер былтыр жазда Exposure Award әлемдік сыйлығын жеңіп алып, өзінің жұмыстарын «портрет» аталымында Луврдағы электрондық экспозицияда көрсетті. Верониканың ең үздік фотосуретінде оның 91 жастағы әжесі Бронислава Иосифовна Соболевская бейнеленген. Оның жұмысы портреттік жанрадғы 200 фототуындының ішінен үздік шыққан.

Айта кеткен жөн, фотобайқау 2015 жылдың қыркүйек айында «Expo & Women» халықаралық ұйымының өкілдерімен ұйымдастырылған. Қазақстанның 20-дан астам ең үздік фотографтары табиғат, адамдар, астана, мәдениет және ел тақырыптары бойынша өздерінің жұмыстарын ұсынды. Аталған туындылар Италиядағы EXPO-2015 халықаралық көрмесінде Қазақстан павильонында көрсетілді. Ал кейінірек қазылар алқасының ойы бойынша, бес фотограф жеңімпаз деп танылды.

20160317143929

Осылайша, Констинтин Киквидзе «Қазақстан табиғаты» аталымында үздік деп танылды. Ол 15 жылдан бері Қазақстанның табиғатын түсірумен айналысады. Астаналық тұрғын Арман Байсадықов «Қазақстан астанасы» атты аталымда жеңімпаз атанды. Арман жоғары білімді Нью-Йорктің фотосурет институтында алған. Қазіргі уақытта ландшафт пен фэшн-фотосуреттерді түсіруді әуезе етеді. «Қазақстан мәдениеті» бағытында Оспан Әлидің туындылары үздік шыққан. Ол өздерінің суреттерінде бояуларды, сезімдерді, әдемілік пен сәнділікті барынша көп көрсетуге тырысады. Диктор әрі журналист Максим Рожиннің фотожұмыстары «Менің елім» атты аталымда жеңіп шықты. Бұл – оның фотобайқаулардағы алғашқы жеңісі.

Жеңімпаздарды «Expo & Women» халықаралық әріптестігінің аясында келген италиялық делегация марапаттады. Жеңімпаздарға қыркүйек айында Неапольға шақырту табыс етілді. Қазақстандық делегацияның Неапольға сапары барысында Италияның мәдени ерекшеліктерімен және көрікті жерлерімен танысу, сонымен қатар өздерінің еуропалық әріптестерімен тәжірибе алмасу мүмкіндігіне ие болады.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар