Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Фотосессия кезінде Ниагара сарқырамасына құлап кеткен 10 жасар бала аман қалды

Қоршау үстінде отырып суретке түспекші болған 10 жасар бала әйгілі Ниагара сарқырамасына қарай құлап кетеді. Осы сәтте оның қасында анасы болған.

Бұл туралы Daily Mail жазады.

Бала қоршауда отырған кезде тепе-теңдігін жоғалтып алып, 30 метр биіктіктен құлап кетеді.

Оқиға Канаданың Онтарио провинциясына қарасты сарқыраманың Подкова аумағында орын алған. Жақын маңда кезекшілік етіп жүрген құтқарушылар баланы іздеп тауып, оны дереу ауруханаға жеткізеді.

Дәрігерлер баланың көптеген жарақат алғанын анықтаған. Бастапқыда баланың өмірі қыл үстінде деп хабарланғанымен, кейін оның жағдайы ауыр, бірақ тұрақты екені айтылды.

Жіберіп алмаңыз:

Forbes ең бай америкалықтардың тізімін жариялады

Атамбаев: Назарбаев туралы айтқан кезде эмоцияға салынып кеттім, менікі дұрыс болмады

Алладан басқа ешнәрсеге ешқашан сенбеймін: Жээнбеков туралы не білеміз?

Ең бай қытайлық 30 жылдан соң мұнайдан да маңызды болатын затты атады

Талқылау