Фотографтың жас жұбайларды ерекше әдіспен түсірген суреттері (фото)
Былтыр фотограф Питер Адамс-Шонның жас жұбайларды көздің қарашығы ішінде түсірген суреттері танымал болған еді. Енді Питер қалыңдық пен күйеу жігітті сақина ішінде түсіріп, көпшілікті тағы да тәнті етті.
Бұл туралы bigpicture.ru хабарлайды.
Фотографтың өзі бұл жұмыстың өте күрделі екенін айтады. Оның Ringscape деп аталатын жұмысын 2012 жылдан бастап қолға алған.
Ол алдағы уақытта адам бейнесін сабын көпіршіктері ішінде түсіруді жоспарлап қойған. Фотографтың ол суреттері де қиын да, қызықты болмақ.
Талқылау