Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Фотограф сыртынан суретке түсіріп алған ғашықтарды 8 жыл іздеген

Ғашықтардың кездейсоқ түскен суреті фотографты 8 жыл әуреге салды. Флоридалық фотограф Джой Грувер сүйіткісіне сөз салған жігіт пен оның қызын іздеді.

Қыз бен жігіт өздерін теледидар арқылы іздеп жатқанын естіп фотографпен хабарласады. Фотограф теледидар арқылы екі жасқа іздеу салған.

Оқиға Палм-Бич қаласында болды. Фотограф бір отбасын Рождество мерекесі қарсаңында суретке түсіреді. Осы кезде кадрға сүйіктісіне сөз салған жігіт ілінеді. Фотограф романтикалық сәтті түсіріп алады.

 

Кейін желі арқылы оларды іздей бастайды.

“Мен оларға суретін бергім келеді. Бұл олар үшін маңызды сурет. Олар ерлі-зайыпты ма, жоқ па білмеймін. Олардың суретті көргендегі көңіл-күйінкөргім келеді”, – дейді автор.

 

“Мен бұл сурет үшін қатты қуандым. Алғыс айтам. Бұл сәтті ешқашан көрмеген екенмін”, – дейді суреттегі қыз Эшли Барноски.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр