Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Фото: алғашқы брондалған қазақстандық машиналар

2016 жылы ҚР қарулы күштері қазақстандық өндірістің алғашқы дөңгелекті брондалған машиналарымен толығатын болады.

Бүгінгі таңда жаңа зауытта ҚР Қорғаныс министрлігінің тапсырысын іске асыру басталды. Дөңгелекті брондалған машиналардың бірінші партиясы қазақстандық армияның жарақтандыруына келесі жылдың қаңтарында келіп түседі.

«Бұл жауынгерлік іс-қимылдар ошағына экипажды жеткізуге арналған көлік машинасы. Ол торуылдан шабуыл жасаудан қорғалған, жоғары минаға қарсы қорғанысқа ие, яғни, түбі 8 кг, дөңгелектің астыңғы жағы 14 кг, НАТО стандарттары бойынша баллистикалық, оққа қарсы қорғаныспен қапталған, Калашниковтың сауыт бұзар патрондарына, Драгуновтың мергендік винтовкасына төтеп береді», – дейді «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС-ның бас директоры Ербол Сәлімов.

Салмағы шамамен 13 тонна броньдалған машина сағатына 110-120 шақырым жылдамдықта жүйткиді. Дөңгелектері 70 оққа дейін төтеп береді. Бұл ретте машина тағы да 50 шақырымға дейінгі қашықтыққа қозғалуды жалғастыра алады. Броньдалған авто экипаждың жандылығын қамтамасыз етеді және 8 адамды немесе бір бөлімшені тасымалдауға есептелінген.

Жылына зауыт 120-ға дейін мұндай броньдалған дөңгелекті машиналарды шығара алатынын айта кеткен жөн. Заманауи жоғары технологиялық тиімді жабдық металл табағын лазермен пішу, броньды табақшаларды дәнекерлеуден бастап жабындарға лак-бояу жағу, құрастыру жұмыстарына дейінгі толық циклды іске асыруға мүмкіндік береді.

Бүгінде кәсіпорында 100-ге тарта адам еңбек етуде. Зауыттың техникалық жабдықталуы әскери және азаматтық мақсаттағы дөңгелекті техниканы өндіру саласында тапсырмалардың кең ауқымын шешуді қамтиды. Зауыт Қазақстанның ішінде және шетелде өнімді іске асыруға, тапсырыс берушілердің талаптарына сәйкес машиналарды әрі қарай жаңарту және техникалық қызмет көрсетуге әзір.

????????????????????????????????????

???????????????????????????????????? ???????????????????????????????????? ???????????????????????????????????? ???????????????????????????????????? ???????????????????????????????????? ???????????????????????????????????? ???????????????????????????????????? ???????????????????????????????????? ????????????????????????????????????

 

Талқылау