Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сарапшы: Мұнай бағасы 2016 жылы көтерілуі мүмкін

Америкалық “Fortune” басылымы 2016 жылдың аяғында мұнайға  әлемдік бағаның болжамын жариялады.

10-03-15-neft-1

 “Fortune”деректерінде,  мұнай құны бір жылдан кейін бұрынғы көрсеткіштерге қайта келуі ықтимал екен. 2015 жылғы қарашаның ортасымен салыстырғанда, мұнайдың барреліне баға шамамен 20 пайызға өседі.  «Америкалық тұтынушылардың жоғары сұранысы мен Қытайда баяулаған, бірақ қалай болғанда да сұраныстың артып келе жатқанына қарап, баға 2016 жылдың аяғына қарай барреліне 55 долларға көтерілуі мүмкін», – деп жазды басылым.
 
Алайда энергетикалық секторда көптеген компаниялар үшін бұл жеткіліксіз. Себебі, мұнай өндірушілердің толыққанды жұмыс істеуі үшін оңтайлы баға барреліне 60 доллардан басталады екен.
Талқылау