Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ForteBank жаңа карта шығарғанын жариялады

14 шілдеде ForteBank онлайн-тұсаукесер өткізіп, ForteBlack, ForteBlue, ForteSolo жаңа карталарын көрсетті. 

"Біз жаңа әлем жасап шығарғымыз келетінін түсіндік. Мұнда атқарылған жұмыс пен ойлап тапқан ерекшеліктердің саны емес, адамның өмірін жеңілдету үшін қажет емес функциялардан арылу маңызды әрі пайдалы деген ойға келдік", – дейді бөлшек бизнес кураторы және Басқарма төрағасының орынбасары Владимир Кирушко. 

Оның сөзін жоба менеджері Әсел Чегимбаева жалғастырды. Ол жаңа ForteBlack картасы туралы әңгімелеп берді. 

"ForteBlack картасында абоненттік төлем мүлдем жоқ. Бұл сіздің картаңыз ғой, неге сіз ол үшін артық ақша төлеуіңіз қажет?  500 000 теңгеге дейін қолма-қол ақша алу үшін комиссия ұсталмайды. Бұл тек Қазақстанда ғана емес, әлем бойынша кез келген банктің банкоматында қарастырылған. Қазақстанның басқа банктерінің карталарына ақша аудару комиссиясыз жүргізіледі: миллион теңгеге дейін ақысыз ақша аударымын жасай аласыз. Сондықтан енді комиссиясыз қаражат аудару үшін сізге әртүрлі банктің карталарын өзіңізбен бірге алып жүрудің қажеті жоқ", – дейді ол.

ForteBlack – бұрын-соңды болмаған алғашқы несие картасы. Сатып алулар мен аударымдар үшін өз ақшаңызды пайдалану мүмкіндігімен қатар, картаға несиелік функциялар қосылды.

  • 90 күнге дейін жеңілдік кезеңімен 3 000 000 теңгеге дейінгі несиелік лимит. Бұл уақытта ақшаны пайызсыз қайтаруға болады;
  • 5 000 000 теңгеге дейінгі кепілсіз несиені картаға бірден алуға болады, ол үшін сізге филиал арқылы өтініш беру қажет емес;
  • 3 000 000 теңгеге дейін кез келген тауарды бөліп төлеуге алу. Сіз Forte қосымшасында келесі сатып алынатын затты бөліп төлеуге алатыңызды көрсетсеңіз болады: осылайша сіздің кез келген келесі карталық транзакцияңыз бөліп төлеу жоспарына айналады. Функцияның ерекшелігі несиелік лимитті пайдаланып жасалған сауда операцияларын бөліп алуға ауыстыру мүмкіндігінің болуы. Соманы 3 ай ішінде пайызсыз қайтаруға болады.

Карта шарттары

  • Forte қосымшасында картаны тегін аша аласыз және ол тіркеуден өткеннен кейін бірден іске қосылады. Сонымен қатар клиенттер пластикалық картаны келесі күні тапсырыспен ала алады; 
  • Тегін қызмет;
  • Әлемдегі кез келген банкоматтан 500 000 теңгеге дейін қолма-қол ақшаны ақысыз шешіп алу;
  • Қазақстандағы кез келген банктің картасына 1 000 000 теңгеге дейін ақысыз аударым жасау. 

ForteBank несие мен бөліп төлеуді қажет етпейтіндер үшін ForteBlue дебеттік картасын шығарды. Несиелік мүмкіндіктерді қоспағанда, оның шарттары ForteBlack картасына ұқсас.форте

  • Forte қосымшасында картаны тегін аша аласыз және ол тіркеуден өткеннен кейін бірден іске қосылады. Сонымен қатар клиенттер пластикалық картаны келесі күні тапсырыспен ала алады; 
  • Тегін қызмет;
  • Әлемдегі кез келген банкоматтан 500 000 теңгеге дейін қолма-қол ақшаны ақысыз шешіп алу;
  • Қазақстандағы кез келген банктің картасына 1 000 000 теңгеге дейін ақысыз аударым жасау. 

​​​​​​Үшінші карта – бейнежазбада айтылғандай, "көбірек көңіл, қолдау мен қызметтер қажет адамдарға" арналған ForteSolo картасы.

форте

  • Forte қосымшасында картаны тегін аша аласыз және ол тіркеуден өткеннен кейін бірден іске қосылады. Сонымен қатар клиенттер пластикалық картаны келесі күні тапсырыспен ала алады; 
  • Әлемдегі кез келген банкоматтан 1 000 000 теңгеге дейін қолма-қол ақшаны ақысыз шешіп алу;
  • Қазақстандағы кез келген банктің картасына 3 000 000 теңгеге дейін ақысыз аударым жасау. 

Картаның ерекшелігі – қызмет көрсетудің ерекше деңгейі және серіктес қызметтерге қол жетімділік.

  • Әрбір клиентке тағайындалған жеке менеджер қалай тиімді несие алу немесе басқа банктен несиені ауыстыру туралы кеңес береді, сонымен қатар, клиенттің жеке қаржылық жоспарын жасайды;
  • Заңгерлік кеңес - салық, еңбек, корпоративті және басқа құқық түрлері саласындағы заңды сұрақтарға кәсіби жауап алу мүмкіндігі.
  • Телемедицина - дәрігерлермен тәулік бойғы онлайн-чаттағы консультациялар, оларға сараптама нәтижелерін жіберуге, сұрақ қоюға, тексерулер бойынша пікір мен ұсыныстар алуға болады;
  • Сатып алынған мүлікті, кездейсоқ бұзылудан не жоғалудан сақтандыру. Сондай-ақ, егер карта иесі саяхаттауға шықса, ол ұшу кідірісі мен багаждың кешігуінен сақтандыруға ие болады;
  • Жеке консьерж – бұл клиенттерден тапсырыс қабылдайтын адам. Ол қонақ бөлмесіне тапсырыс беріп, клиенттің анасына гүл жібереді, театр билеттерін сатып алады және тағы басқалар қызметтерді атқарады.

Клиенттер бұл қызметтерге Solo картасын пайдалану арқылы тегін ие болады. Клиент ай сайын 100 000 теңге немесе одан көп мөлшерде сауда жасаса, картаның қызметі тегін болады.

Барлық карталарды дәл қазір Forte қосымшасында ашып, тіркеп, небәрі 5 минут өткен соң қолдана беруге болады. Сондай-ақ пластикалық картаны үйге ақысыз жеткізуге тапсырыс жасау қарастырылған.

ForteBank-тің мобильді қосымшасы: https://app.forte.kz/kk 

Талқылау