Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Форсаж» жұлдызына арналған клипті 2 миллиардтан аса адам тамашалады (видео)

Рэпер Уиза Халифа мен поп-әнші Чарли Путтың «See You Again» әніне түсірілген беянебаянды YouTube желісінде тамашалаған адамдар саны 2 миллиардтан асты. Туынды 2 миллиардты бағындырған тарихтағы екінші бейнебаян болып отыр.

maxresdefault

«Форсаж» фильміндегі кадрлардан құралған клип жол-көлік апатынан қайтыс болған актер Пол Уокерге арналған болатын. Бейнебаян 2015 жылдың наурызында жарыққа шыққан. «Форсаж-7» Пол Уокер қатысқан соңғы фильм еді.

Бұл туралы tjournal.ru жазды.

Желідегі рекорд бұрынғыша «GANGNAM STYLE» клипіне тиесілі. Бүгінгі күнге аталмыш туындыны 2,6 миллиардтан аса адам тамашалаған.

2 миллиардтық межеге тағы да бірнеше бейнеклип жақындады. Олар – Бруно Марс пен Марк Ронсонның «Uptown Funk» (1,82 миллиард), Джастина Бибердің «Sorry» (1,79 миллиард), Тейлор Свифттің «Blank Space» (1,75 миллиард), Адельдің «Hello» (1,7 миллиард) жәнеи Тейлор Свифттің «Shake It Off» (1,63 миллиард) туындылары.

«Форсаж» фильмі жұлдызының өліміне актердің жылдамдықты шамадан тыс арттыруы себеп болған. 2013 жылдың 30 қарашасында Валенсияда (Калифорния) орын алған апаттың тергеушілері осындай байламға келді.

Актердің досы Роджер Родас Porsche Carrera G.T. көлігімен 72 км/с рұқсат етілген қала маңындағы көшелердің бірінде 130-150 км/с жылдамдығымен жүрген. Нәтижесінде шам бағанасына соқтығысқан көлік өртеніп кетті. Оқиға орнында жүргізуші де, Пол Уокер де көз жұмған.

Жіберіп алмаңыз: 

Диана Шарапова Геннадий Головкинді қолдау мақсатында клип шығарды (видео)

«Кап-карашканың» қалың мал төлеуге ақшасы жетпей жүр (видео)

MC Сайлаубек түсініксіз тілдегі бейнебаянын жарыққа шығарды (видео)

 

Талқылау