Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Fly Arystan» әуе компаниясының ерекшеліктері: жүксіз жолаушыларға билет құны төмен болады

Қазақстанда «Fly Arystan» атты жаңа әуе компаниясы келер жылдың бірінші жартыжылдығында ұшуды бастамақшы. Эконом классты ұшақ салоны 180 жолаушыға арналады және бастапқыда Airbus A320 ұшағының төртеуі пайдалануға беріледі. Бұл туралы «Fly Arystan» бюджетік әуе компанияның тұсаукесері барысында белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

«Fly Arystan» әуе компаниясының ерекшеліктері: жүксіз жолаушыларға билет құны төмен болады

Тұсаукесерде сөз сөйлеген спикерлердің айтуынша аталған әуе компанияның басты ерекшелігі билеттің құнында болмақшы.

«Жолаушыларда әрдайым таңдау болады. Егер азаматтың жүгі жоқ болса, соған сәйкес билет құны да төмен болмақшы. Әрі осы сұраққа қатысты әуе компанияларына қатысты заңға белгілі өзгерістер енуі мүмкін. Ал әуежайларға келсек, әзірге оларды өзгертетіндей себеп жоқ. Басты өзгерістер қазіргі инфрақұрылымның жақсаруына әсер етеді», – дейді жаңа әуе компаниясының басшысы Тим Джордан.

Ал жаңа әуе компаниясының аудиториясына тоқталған спикерлер мүлдем жаңа сегментті қамтитынын атады.

«Біздің сегментіміз  – ол ешқашан ұшақпен ұшпаған тұрғындар. Және компанияның басты мақсаты тұлғалардың табысына, дәрежесіне қарамастан барлығына ұшақпен ұшу қызметін қолжетімді қылу. Зерттеу нәтижесі бойынша қазақстандықтардың тек он пайызы ғана ұшақ қызметтеріне жүгінеді. Сонда әлі күнге дейін тоқсан пайыз халық ұшпаған. Сол тоқсан пайыз халыққа біздің компаниямыздың қызметі әрдайым қолжетімді болмақ», – дейді Жанар Жайлауова, «FlyArystan» компаниясының маркетинг және сату бойынша директоры.

Бастапқыда төрт үшақпен бастамақшы болып отырған әуе компаниясы үш жылдың ішінде ұшақ санын он беске дейін жеткізетіндерін мәлімдеді.  Ал билет бағаларына келер болсақ, олар қазіргі бағыттағы компаниялардың бағасынан екі есе төмег болмақ екен. Нақты бағалары мен рейстердің кестелері туралы ақпарат келер жылдың көктемінде компанияның сайтында беріледі. Бүгіннен бастап «Fly Arystan»  әуе компаниясының сайты өз жұмысын бастады.

Естеріңізге салсақ, Қазақстанда бюджеттік әуе компаниясының жұмысы басталатыны туралы жазған болатынбыз.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау