Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Флойд Мейвезер: Головкин Уордтан жеңіледі

Әлемнің үздік боксшысы, ешбір кездесуінде жеңіліске ұшырамаған Флойд Мейвезер (49-0) жуырда берген сұхбатында  кәсіпқой рингтегі нәсілшілдік тақырыбын қозғаған.

maxresdefault

«Мәселеге шынайы қарайықшы. Бернард Хопкинс орта салмақта жүріп, Оскар Де Ла Хойя, Шэйн Мозли және Феликс Тринидадтармен жұдырық түйістіргісі келді. Алайда мұны БАҚ өкілдері «Бернард жас балаларды жекпе-жекке шақырып жатыр» деп бағалады. Ал Генадий Головкин дәл осылай істесе, олар мұны бұлай бағаламайды. Мен нәсілшіл емеспін. Мен тек нәсілшілдіктің әлі де болса белең алып тұрғанын айтқым келеді» – дейді кәсіпқой рингтегі ең бай боксшыға айналған афроамерикандық.

Флойд Мейвезер: Головкин Уордтан жеңіледі

Ол сондай-ақ егер Головкин-Уорд жекпе-жегі өтетін болса, онда қазақстандықтың тауы шағылатынын да айтып өткен.

«Қазір бәрі Головкин жайлы айтып жатыр. Мен ол жігітке назарымды былтыр ғана аудардым. Егер ол шынымен жұрт айтқандай мықты, теңдессіз болатын болса онда категориясын жоғарылатып, Андре Уордпен төбелессін. Бүкіл БАҚ көкке көтеріп мені емес, осы жігітті мақтап жатыр. Ол рингте өзін-өзі өте жақсы ұстайды. Қарсыласқа қарсы керемет тактика құра алады. Бұған келісемін. Бірақ, Андре Уордты жеңе алады деп айта алмаймын. Бұл Уорд үшін өте-өте жеңіл бокс кездесуі болар еді», – дейді Мейвезер.

Мейвезер өткен жылы да Головкиннің талантына күмәнмен қараған болатын. Тіпті бір сұхбатында мүлде танымайтынын да айтқан еді.

Талқылау