Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Флешмоб: Қазақстандықтар желіде Абай өлеңдерін оқудан жарысып жатыр (видео)

Қазақстандықтар желіде Абай өлеңдерін оқудан жарысып жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желідегі жұрт Абай Құнанбаевтың өлеңдерін оқып challenge ұйымдастырған. #abai175 хештегімен белгіленетін жобаға 160-тан аса жазба жарияланған. Шынар Шәкенова есімді оқытушының бастамасымен қолға алынған жоба желі қолданушылары арасында қолдау тауып, белсенділік артуда.

"Абай қазақ руханиятының басты тұлғасы. Оның шығармасы қазақ жерінде жылдан жылға мұра болып ұрпақтан-ұрпаққа беріліп қана қоймай, әлем тілдеріне аударылып, ғаламға тарады. Осыған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлы Абайдың 175 жылдығын бүкіл республика бойынша атап өту туралы қаулыға қол қойды. Бұл қазақстандықтар үшін жақсы жаңалық. Себебі, Абай әр қазақтың сүйікті ақыны. Ол менің де сүйікті ақыным. Ұлы тұлғаның өлеңдері мен шығармаларын білмейтін қазақ жоқ шығар. Әрқайсыңыз Абайдың кем дегенде бір өлеңін жатқа білесіздер. Сондықтан, Абайды дәріптеп, шығарамасынан бір үзінді оқитын challenge бастаймын. Кім менімен бірге? #Abai175", - деп жазды Еуразия Ұлттық Университетінің оқытушысы Шынар Шәкенова.

Желі қолданушылары Абай өлеңдерін оқудан осылайша жарысып, әркім әртүрлі стильде өнерлерін көрсеткен. Жұрт видеоларын желіге жүктеп, бір-бірінен қалыспады. Бұл бастама талай адамға үлгі болары анық дейді ұйымдастырушылар. Ұлы ақынның 175 жылдық мерейтойына арналған бұл жоба жалғасын таппақ.

Қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының өмірбаяны >>>

Талқылау