Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

А321 ұшағын бір келі тротилмен жарған

Арнайы қызмет мамандары  қайғылы жағдайдан кейін ұшақ қалдықтарын жіті тексерген. Енді әдейі жасалған қастандық екеніне сенімді. Енді арам пиғылын жүзеге асырушылардың кімдер екенін анықтауға бар күштерін салмақшы.

ушаккк

« Мұны террорлық шабуыл деп сенімді айтуға болады. Біздің мамандардың пайымдауынша  әуе кемесі ұшқан сәтте қолдан жасалған  жарылғыш зат іске қосылған. Оның  күштілігі  бір келісінде тротиловтық эквивалентте, Салдарынан ұшақ әуеде жарылған. Әуе кемесі  ұсақ бөліктерге бөлініп  жан-жаққа шашылып кеткен»,- деді  Бортников.

Федералдық қауіпсіздік қызметі  оқиғаға қатысы бар азаматтар жайлы ақпарат берем деушілерге сыйақы ұсынып отыр. Күдіктілерді ұстауға көмектескендерге құзырлы орган 50 миллион доллар төлемекші.

Airbus А321 ұшағының апаты Ресейдегі ең қайғылы оқиғалардың бірі болды. 31 қазан күні  Шарм-эль-Шейха тан  Санкт-Петербургке бет алған ұшақ  әуеге көтерілгеніне 20 минут өткенде  жарылған еді. Ұшаққа отырған 217 жолаушы мен 7 экипаж мүшесі  қаза болған.

Талқылау