Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Фитнес-білезігі жарылып кеткен әйелді күйік шалды

Американың Милуоки қаласында тұратын Дина Митчелл Fitbit Flex 2 фитнес-білезігінің жарылып кетуінен зардап шекті.

40fa439057a0accd5fb7ead142c5d83c__1200x630

Бұл туралы The Huffington Post хабарлайды.

Америкалықтың айтуынша, ол кешкі уақытта кітап оқып отырған кезде құрылғы кенеттен жарылып кеткен. Әйел дереу білезікті шешіп үлгергенімен, денесін бәрібір екінші деңгейлі күйік шалған.

Зардап шегушігіні емдеген дәрігерлер жарадан резеңке мен пластика қалдықтарын алып шыққан.

“Менде тыртық қалатын сияқты. Егер ол баланың қолында жарылса не болар еді”, – дейді Митчелл.

fit3

Құрылығыны таныстары екі апта бұрын ғана туған күніне сыйлаған екен. Ал компания бұл алғашқы жағдай деп бағалап отыр. Қазір өндірушілер жағдайды тексеріп жатыр.

“Клиенттердің денсаулығы мен қауіпсіздігі біз үшін басты орында. Fitbit өнімдері қатаң стандарттарға негізделіп шығарылған”, – дейді компания өкілдері.

Талқылау