Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Фируза Шарипова: Сценарийде төсек қатынасы болғандықтан, "Тақтар таласы" сериалына түсуден бас тарттым

Әйелдер арасында кәсіпқой бокстан әлем чемпионы атанған қазақстан Фируза Шарипова “Тақтар таласы” сериалының сегізінші маусымына түсуге шақырту алғанын мәлімдеді.

Бұл туралы Today.kz жазады.

“Сұрағаннан кейін біз менің суреттерімді жібердік. Бірақ, ол жерде тым ашық сахналар суреттеледі. Мені олар Дайнеристің күзетшісі ретінде ойнатқысы келген. Бірақ, эротикалық сахналарға түсуге тура келетіндіктен мен сериалға түсуден бас тарттым.

Боксшының сөзінше ол жуырда ғана қазақстандық “Томирис” фильмінің де кастингіне қатысыпты. Әзірге фильм ұйымдастырушыларынан жауап күтіп отыр. Сонымен қатар, ол кезекті жекпе-жегіне дайындалып жатыр.

“Мен 17 желтоқсанда басқа салмақ категориясы бойынша шаршы алаңға шығып, әлем чемпионы деген тағы бір атаққа таласамын. Мұндай атақ әзірге Қазақстан бойынша ешкімде жоқ, тіпті Головкинде де. Құдай қаласа ол жекпе-жекте жеңемін де, Головкинді басып озамын. Геннадий Головкин – хан, ал Фируза Шарипова – ханшайым дейді. Ал тақта бір ғана адам отыру керек қой. Әрине, әзіл үшін айтып жатырмын. Мен онымен жеке таныс емеспін. Бірақ, танысуды қатты қалаймын”, – деді Шарипова.

Еске салсақ, Шарипова жеңіл салмақта WIBA және WBU тұжырымы бойынша екі бірдей чемпиондық белбеуінің иегері. Бұл атаққа ол  болгариялық Милена Колеваны жеңіп, қол жеткізген болатын.

Оқи отырыңыз:

Альвареспен спарринг өткізген қазақстандық боксшы қарсыласын нокаутқа жіберді

Ауыр атлетика олимпиада бағдарламасынан алынып тасталуы мүмкін

Аршавиннің әйелі қалай тұрып жатқандарын көрсетті (фото)

42 жастағы жеңіл атлет әлем чемпионатының финалына шықты

Талқылау