Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Головкиннің неге олай істейтінін түсінбеймін»: Фируза Шәріпова ренішін айтты

Қазақстандық боксшы Фируза Шәріпова бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің канадалық Стив Роллспен өтетін жекпе-жегінің андеркардына отандасы Данияр Елеусіновті қоспағанына қатысты пікір білдірді. Ол боксшының мұндай әрекетін түсінбейтінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Фируза Шәріпова Головкиннің Елеусіновті андеркардқа қоспағаны туралы: Неге өйтетінін түсіне алмаймын

Өз сөзінде Шәріпова болған жағдайға қайран қалғанын жеткізді. Сонымен қатар ол кезінде Головкиннің жекпе-жегінің андеркардында жұдырықтаспақ болған талпынысы туралы еске алды. 

«Шынымды айтсам, мансабымды енді бастап келе жатқанда, менде де осы тәрізді жағдай болған еді. Біз Головкиннің жекпе-жегінің андеркардына тап болғымыз келді. Промоутер Том Леффлермен келіссөздер жүргіздік. Ол қарсы болмады. Алайда Геннадийдің менеджері Олег Германнан: «Фируза ешқашан Головкинмен бір кардта жекпе-жек өткізбейді», - деген жауап алдық», - деп жазды боксшы Instagram желісінде. 

Сол кезде қатты ренжігенін айтқан спортшы Головкиннің өзін қолдамағанын айтты. Ол ортақ таныстары арқылы Головкиннің баспасөзде өзі туралы қолдау сөздерін айтуын сұраған. Алайда олай бола қоймапты. 

«Головкиннің жеткен деңгейі сондай, ол қарапайым қолдау сөздерін айтса да адамды ынталандырып, мансабына қарқын берер еді», - дейді Шәріпова.

Сонымен қатар ол сол жағдайдан кейін өзіне «Головкиннің жетістіктерінен асып түсемін» деген уәде бергенін мойындады. Фируза Геннадийдің Қазақстан үшін көп нәрсе жасағанын түсінеді. Отанын халықаралық спорт алаңында алға жылжытты, алайда мен одан да зорына жеткім келеді, дейді. Өз сөзінде ол әлемнің абсолют  чемпионы болғысы келетінін жасырмады. 

«Біз Геннадий Головкиннің спорттық жетістіктерімен мақтанамыз. Алайда оның неліктен отандастарына қатысты өзін осылай ұстайтынын түсіне алмаймын», - дейді ол.

Шәріпова қазақстандық жас боксшыларға қашанда қолдау білдіруге дайын екенін жеткізді. 

Еске сала кетсек, боксшы Данияр Елеусінов Головкин мен Роллстың 8 маусымда өтетін жекпе-жегінің андеркардында жұдырықтаспақ болған еді. Алайда Геннадий Головкин оны андеркардқа қосудан бас тартты. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр