Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Fire Challenge флешмобын жасамақ болған оқушы қыздың жарты денесін күйік шалды

Америкалық оқушы қыз Тимия Лендерс Fire Challenge флешмобын қайталаймын деп өртеніп кетті.

Fire Challenge флешмобын жасамақ болған оқушы қыздың жарты денесін күйік шалды

12 жастағы қыздың денесінің 50 пайызын күйік шалған.

Оқушы қыз екі досымен үйінде болған. Анасы айқайлаған дауысты естіп келгенде, қызының жанып жатқанын көреді. Оны дереу ваннаға отырғызып, су шашады. Емханаға апарғанда, денесінің жартысы күйіп қалғанын біледі.

Жеткіншектер YouTube арнасына көрген флешмобты қайталамақ болғанын мойындады.

Оқушы қыз аэрозольді өзіне жақындатып, оттықпен тұтатқан.

Fire Challenge 2014 жылы кең тарай бастады. Қатысушылар денесіне аздаған сұйықтық жағып, от тұтатады. Бұл сәтті видеоға түсіріп, желіге салады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау