Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Финляндияда кішкентай қыз пәтерін президент сарайына айырбастағысы келді

Ванта қаласының 6 жасар тұрғыны Лаура есімді қыз Корсо ауданының ханшайымы боламын деп шешкен. Ханшайым сарайда өмір сүруі тиіс, ал Финляндияда ең келісті ғимарат – Президент сарайы.

20160910123305

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Ойлана келе, Лаура ел президенті Сауль Ниинистёге хат жазып, өз жанұясының үш бөлмелі пәтерін Патша сарайына айырбастау туралы ұсыныс жасады.

Президенттен жауап келгенде, Лаура мен туыстары таңданысын жасыра алмады.

“Қызымыздың президенттің жеке өзінен жауап алғаны бізді қуантты. Біз суретті құттықтау хаты ғана келеді деп ойлағанбыз”, – деді Лаураның әкесі Киммо Хонканиеми.

Өз хатында президент Ниинистё айтылған ұсынысты іске асыруға құзыреті жоқ екенін, оған президент сарайы мен Мянтюниеми резиденциясының уақытша тұруға берілгенін айтып түсіндірген.

Талқылау