Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Финляндияда еттің балама түрі жасалды

Фин компаниясы сұлы мен бұршақтың қосындысынан еттің дәмін беретін қоспа ойлап тапты. Оны жасағандар «еттен аумайтын жаңа өнімнің пайдасы көл-көсір», – дейді. Түр-түсі, дәмі де еттен аумайтын өнім сұлы мен бұршақтан тұрады.

тауыққққ

Сурет album.turizm.ru сайтынан алынды.

Бұл туралы 24.kz  сайты хабарлайды.

Оны финдік стартап қызыл ет жемесе, өмір сүре алмайтындар үшін арнайы жасап шығарды. Дәмін көргендер бұл тағам түрін тауық етіне ұқсатады.

«Онда сұлы бар, себебі сұлының құрамында артық ештеңе жоқ. Экологиялық жағынан таза және аллергия тудырмайды. Ал бұршақты не үшін қостық? Өйткені олар бірін-бірі толықтырады. Сұлыда жетіспейтін аминқышқылдарының орнын бұршақ толтырады»,-дейді Gold&Green foods компаниясының тең құрушысы Риита Кивела

Жалпы, еттің орнына қолданылатын әрі протеинге бай өнімдер бұрыннан бар. Бірақ мамандар «сұлыдан жасалған жаңа тағам бидай мен соядан өндірілген асқа қарағанда анағұрлым пайдалы», – дейді.

«Протеиндер мен аминқышқылдарының саны бойынша, бұл өнім өзгелермен бірдей. Ал құнарлылығы жағынан артық. Мұндай ерекше қасиет оның өзегіне байланысты»,-дейді Қолданбалы тағам жөніндегі британдық қауымдастық басшысы Мигель Торибио-Матеас

«Жақсы тосынсый деп ойлаймын, дәмі қатты ұнады»,-дейді қала тұрғыны Катя Хельсинки

Осы идеяны іске асыруды қолға алған стартап қазір қаржылай қолдауға ие болған. Енді авторлар бұршақ пен сұлыдан жасалған жаңа өнімді биыл Финляндия мен көршілес Швецияға сатуды жоспарлап отыр.

Талқылау