Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Финляндияда дүкен иесі ұсақ-түйек ұрлайтындардан құтылудың амалын тапты

Лаппеенранта қаласындағы K-Supermarket дүкенінің директоры есікке «ұрылардың суреті әлеуметтік желіде жарияланады» деген жазбаны ілген соң кәмелетке толмағандардың ұрлығы сап тыйылды, деп хабарлайды yle.fi.

дүкен

– Ескерту нәтижесін берді. Жеткіншектер тарапынан жасалатын ұрлық толық доғарылды, – деп хабарлады дүкен директоры Вилле Меронен.

Меронен қылмыстың тамырына балта шабудың үздік тәсілі – оның алдын алу деп атап өтті.

Оңтүстік-Шығыс Финляндия өңірінің полициясы заң дүкендерге мұндай материалдарды жариялауға тыйым салмайтынын айтты. Алайда ұрлықтың бетін ашумен  полиция айналысуы тиіс, олардың пайымынша тергеу материалдарын алдын ала жариялау жақсы бастама емес.

 

Талқылау